Дс Сс Ср Бс Жм |
09.00 - 18.30 |
Сн | 9.00 - 17.00 |
Жк | Демалыс |
Айдың соңғы күні – тазалық күні |
«НұрОтан» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Абай ауылдық үлгілі кітапханасында коворкинг орталығының ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде аудан әкімі С.Б.Батырғожинов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Т.Райымбеков, «Жас Отан» ЖК облыстық филиалының басшысы С. Жүсіпова қатысты.
Коворкинг орталығында ауыл тұрғындары өздерінің идеяларын талқылауға, өлкетану деректерін зерделеуге мүмкіндік алады. Коворкинг орталығында жақсы жұмыс жасауға және демалуға барлық жағдай жасалған. Wifi зонасы жұмыс істейді, бұның арқасында ғаламторға шығуымен сымсыз тегін ғаламтормен пайдалануға болады. Компьютермен және мультифункционалды құралдармен жабдықталған жұмыс орны да бар. Демалыс бұрышында қызықты кітап немесе журнал оқуға, гаджетпен пайдалануға немесе теледидар көруге мүмкіндік бар. Осы жерде келушілер ыстық кофе де іше алады.