Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » «Мәңгілік жадымызда сақталады» атты еске алу кеші өтті.

Аудандық кітапхананың  оқырман залында  Ауғанстан жерінен әскерлердің шығарылғанының  29  жылдығына «Мәңгілік жадымызда сақталады»атты еске алу кеші өтті.  Іс-шараға  ауған жауынгерлері  С.В.Немцов, Ж.Ғ Рахымжанов, Қ.Қ.Белгібаев,  «Шурави» аудандық  ауған жауынгерлер клубының басшысы Н.Д.Сырбул, құрметті қонақтар Н.Қ.Ауталипов, Б.Н.Нұрғазинов, Х.З.Зейнішев, Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор  А. Баймұса, аудан мектептері оқушылары, агротехникалық колледж студенттері қатысты.  Аудан әкімінің орынбасары Ж.Б. Сағынаев ауған жауынгерлеріне  құттықтау лебізін білдірді. Одан кейін ауған жауынгерлері Ауғанстандағы әскери қызметі  туралы, жауынгерлік операциялары жайындағы  естеліктерімен бөлісті,  қатысушы жастартардың сұрақтарына жауап берді. Көп жылдар бойы №2 қазақ мектебі директорлық қызметін атқарған Н.Қ.Ауталипов ауған жауынгерлеріне  әскерде танытқан батылдықтарына алғысын білдіріп, қазақ мектебінің түлектері Құсайынов Өтеу Бапанұлы және  Айдарбеков Алмасбке Рахымқұлұлы ауған соғысына қатысқандығы туралы  айтты. Сонымен қатар аудан кітапханасы қызметкерлерін жастарға паттриоттық тәрбие ұялататын іс-шара өткізіп жатқандығы туралы алғысын білдірді. Шара барысында мәдениет үйінің қызметкерлері Б.И.Савельев пен И.Видиней, кітапханашы С.И.Женченконың орындауында тақырыпқа сай ән орындалды. Шара соңында аудандық кітапхана директоры А.Б.Байтемирова ауған жауынгерлерін мерекелерімен құттық, қатысушы қонақтарды ынтымақтастық  танытқандары үшін алғысын білдірді. Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шағын сыйлықтарын Ауған соғысы жауынгерлеріне табыстады. Шараға «Ауған біздің есімізде» атты кітап көрмесі ұсынылды.