Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » Мәнерлеп оқу сайысы

Ертіс аудандық орталық кітапханада  5-6-9  сыныптар аралығында Ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Мұқағали – мәңгілік тұлға» атты тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс барысында   ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  өмірбаянына, шығармашылығына қысқаша мағлұматтар  беріліп, ақынға арналған слайд көрсетілді. Сайысқа №2 Ертіс қазақ  мектебінің  19 оқушысы қатысты. Өлеңдерін сайысын ұйымдастырған кітапханашы А.Қызкенова сайыс ережесін түсіндіріп, әділ-қазылар алқасымен таныстырды. Сайыскерлер 5 балдық жүйемен бағаланды.

Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлең сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. 
Аталған шарттар негізінде сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі оқушылар әділ-қазылар алқасының шешімімен жеңіп алды:

 1-орын: 5- сынып оқушысы Камалиден Аян.

 2-орын: 5-сынып оқушысы Елдесова Алия.

 3-орын: 5- сынып оқушысы  Усаханова  Наргиз.

Жеңіске жеткен жеңімпаздар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қатысқан оқушылардың барлығына дипломдар тарту етілді.