Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға біздің аудандық орталық кітапханада қол жетімді Wi-Fi!!!

Мәзір

Электронды кітапхана

Бiр ел-бiр кiтап

kz rus

Жұмыс уақыты

Дс
Сс
Ср
Бс
Жм
09.00 - 18.30
Сн 9.00 - 17.00
Жк Демалыс
Айдың соңғы күні – тазалық күні
Главная » Левое меню KZ » Жаңалықтар » Заманмен тоғысқандар

9 мамыр 2017 жылғы  болгар ұлтының Қазақстанға қоныс аударуына 110 жылдығы  және «Славяне» облыстық болғар бірлестігінің 15 жылдығына орай  Павлодар қаласының "Достық Үйінде" дөңгелек үстел өтті. Аталмыш дөңгелек үстелге  Ертіс болғар ЭМБ- нен 10 адам қатысты. Дөңгелек үстелге  Қазақстандағы Болгар елшілігінің  консулы  Митко Христов мырза қатысты.  Митко Христов мырза екі ел арсындағы достықты атай келе,   өзіндік болмысын сақтап қалғаны үшін болгар ЭМБ-нің  жұмысына жоғары баға беріп алғысын білдірді. Ертіс филиалының  ұлтаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу  жұмысы туралы  болгар ЭМБ-нің  жетекшісі Т.В.Дымова  айтып берді. 

10 маусым күні   Павлодар облысының Ақтоғай  ауданында  жоғарыда аталған мерекелік іс-шара  жалғасын тапты.  Ақтоғайда  қоныс аударушылардың  100-жылдығына орай  ашылған стелласында  митинг өтіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.  Аудандық МҮ-де  шараға қатысқан  қонақтар Ақтөбе облысынан  келіп отырған   Болгарка ауылының «Вяра» этно ұжымы, Достық Үйінің ұжымы,  ақтоғайлықтар , ертістіктер   жарқын  да және  есте қаларлық концерт ұйымдастырды.  Мерекеге Болгария, Германия, Ресей және Қазақстан өңірлерінің делегациялар қатысты.

 

 

Облыс әкімінің өкімімен  Т.В.Дымова    Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауда , өңірде  халықаралық келісімді нығайтуда  елеулі  үлес  қосқаны үшін   құрмет грамотасы мен метейтойлық медалімен марапатталды.  Болгария елшілігі  біздің делегацияларға  болгар авторларының кітаптарын, балаларға арналған түрлі-түсті басылымдарын сыйға тартты.