Дс Сс Ср Бс Жм |
09.00 - 18.00 |
Сн | Демалыс |
Жк | Демалыс |
Айдың соңғы күні – тазалық күні |
2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ
АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН
КҮНДЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШІ
ҚАҢТАР
1 – Кеңес Одағының Батыры, мемлекет қайраткері Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевтың туғанына 100 жыл (1925-1996)
3 – Павлодар облысының зағип және көзі нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапхананың ашылғанына 55 жыл (1970)
6 – актёр, режиссер,драматург ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Атығай Құрманбайұлы Шаниннің туғанына 120 жыл (1905-1986)
13 – жазушы, журналист, абайтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рамазан Айыпұлы Тоқтаровтың туғанына 90 жыл (1935-2000)
АҚПАН
15 – тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор,ҚазКСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 ж.) Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың туғанына 110 жыл (1915-1966)
24 – жазушы, драматург, журналист Всеволод Вячеславович Ивановтың туғанына 130 жыл (1895-1963)
НАУРЫЗ
23 – мәдениет қызметкері, кітапхана ісінің ардагері, Н.Островский атындағы(қазіргі С.Торайғыров атындағы) облыстық кітапхананың директоры (1978-1985 жж.) Лидия Максимовна Грезинаның туғанына 95 жыл (1930-1994)
24 – Кәсіптік одақтар кеңесінің (қазіргі «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ) құрылғанына 75 жыл (1950)
26 – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алексей Миронович Дьячковтың туғанына 95 жыл (1930-2001)
СӘУІР
6 – Павлодар облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл (1995)
20 – журналист, жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Казахстанская правда» газетінің (1992-2014 жж.) меншікті тілшісі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Сергей Александрович Горбунов 75 жаста (1950)
МАМЫР
5 – журналист, жазушы, өлкетанушы, философия ғылымдарының кандидаты, «Павлодарская правда» және «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінің редакторы (1954-1975 жж.), ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Владимир Семенович Молотовтың туғанына 110 жыл (1915-2008)
МАУСЫМ
5 – Кеңес Одағының Батыры, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Иван Илларионович Кривенконың туғанына 100 жыл (1925-2001)
7 – ақын, жазушы, публицист, П. Васильев атындағы әдеби бірлестігінің мүшесі Юрий Алексеевич Мостовой 80 жаста (1945)
15 – Кеңес Одағының Батыры Иван Григорьевич Ледовскийдің туғанына 105 жыл (1920-1988)
25 – инженер-гидротехник, «Ұлы Ертіс» қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің президенті, Ертіс ауданының Құрметті азаматы Жанайдар Рамазановтың туғанына 90 жыл (1935-2000)
ШІЛДЕ
5 – жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облысының Құрметті азаматы Ахат Имантайұлы Жақсыбаевтың туғанына 85 жыл (1940-2021)
12 – суретші, ұстаз, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Панко Григорьевич Величконың туғанына 95 жыл (1930-2009)
ТАМЫЗ
16 – ұстаз, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Дүйсен Абақұлы Қапашевтың туғанына 100 жыл (1925-2011)
25 – жазушы, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қалмұқан Исабаевтың туғанына 100 жыл (1925-2015)
ҚЫРКҮЙЕК
10 – Кеңес Одағының Батыры Иван Андреевич Скляровтың туғанына 105 жыл (1920-1992)
14 – журналист, жазушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Павлодар ауданының Құрметті азаматы Мұхамеджан Құрманғалиұлы Дәуренбековтің туғанына 90 жыл (1935-2011)
ҚАЗАН
3 – ақын, әнші, композитор, әртіс, ақын-импровизатор Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл (1900-1946)
4 – орыс ғалымы, саяхатшы, географ, этнограф Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 190 жыл (1835-1920)
13 – жазушы, балалар ақыны, радиожурналист Есентай Ерботиннің туғанына 85 жыл (1940-1992)
18 – ақын, композитор, әнші Жаяу Мұса Байжановтың туғанына 190 жыл (1835-1929)
ҚАРАША
4 14 – ақын, журналист, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Кузьма Семенович Тюриннің туғанына 95 жыл (1930-1987)
27 – Кеңес Одағының Батыры Спартак Иосифович Маковскийдің туғанына 105 жыл (1920-2000)
ЖЕЛТОҚСАН
5 – ақын Шайхым Хасенбекұлы Құнанбайтегінің туғанына 105 жыл (1920-2011)
17 – ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жаңаталап Қабиденұлы Нұркеновтің туғанына 85 жыл (1940-1997)
18 – журналист, ақын, сатирик, өлкетанушы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Көкіш Әміржанұлының туғанына 95 жыл (1930-2016)
25 – тарихшы-ғалым, тарих баспасының зертеушісі, тарих ғылымдарының докторы, журналист, КСРО Журналистер одағының мүшесі, Еңбек ардагері Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожиннің туғанына 115 жыл (1910-1979)
28 – журналист, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Айтжан Бәделханұлы Бәделханның туғанына 95 жыл (1930-2009)
КҮНІ МЕН АЙЫ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ПАВЛОДАР
ОБЛЫСЫНЫҢ АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСКЕ
АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІ
Құлболды әулиенің туғанына 485 жыл (шамамен 1540-1630)
Айдабол би Құлболдыұлының туғанына 365 жыл (1660 – қайтыс болған жылы белгісіз)
Ақын Көтеш Райымбекұлының туғанына 280 жыл (1745-1818)
Ақын-импровизатор Қоблан Бөрібайұлының туғанына 265 жыл (1760-1840)
Ақын, қоғам қайраткері Сәдуақас Шормановтың туғанына 175 жыл (1850-1927)
Халық әншісі, домбырашы Балабек Ержановтың туғанына 165 жыл (1860-1938)
Ақын-импровизатор Салық Әмірәмзеұлының туғанына 165 жыл (1860-1923)
Ағартушы Қасым Мұстафаұлы Ертісбаевтың туғаныныа 155 жыл (1870-1931
Композитор, Халық әншісі Майра Шамсутдинованың туғанына 135 жыл (1890-1927)
Ақын-импровизатор Момын Әшірбековтің туғанына 135 жыл (1890-1973)
Педагог, ағартушы Нығман Алшыновтың туғанына 130 жыл (1895-1956)
Ақын, ақын-импровизатор Жүнісбек Жолдиновтың туғанына 130 жыл (1895-1983)
Жазушы, аудармашы, журналист Қадыр Баспақұлы Тайшықовтың туғаны-на 125 жыл (1900-1937)
Ертіс аудандық «Ертіс нұры» (бұрыңғы «Ертіс») газетінің кұрылғанына 95 жыл (1930)
Павлодар облыстық «Қазақ тілі» қоғамының (қазіргі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы) құрылғанына 35 жыл (1990)
Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының қалалық қоғамдық ұйымы құрылғанына 35 жыл (1990)
2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ
ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШІ
ҚАҢТАР
5 – Қазақстанның Халык жазушысы, ақын, аудармашы Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтың туғанына 90 жыл (1935-2011)
6 – қоғам және мемлекет қайраткері, журналист Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл (1890-1941)
7 – актер, әнші, режиссёр, педагог, ҚазКСР Халық әртісі Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл (1905-1973
10 – жазушы, Қазмемкөркемәдеббас редакторы (1962-1967), «Жазушы» баспасының директоры (1967-1971), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1971-1975) Iлияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл (1915-1983)
15 – Қазақстанның мемлекет қайраткері Исағали Шәріпұлы Шәріповтің туғанына 120 жыл (1905-1976)
22 – қазақ актёрі, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі Рахметбай Байназарұлы Телеубаевтың туғанына 90 жыл (1935-1987)
АҚПАН
2 – жазушы, публицист, аудармашы, қазақ фольклорын зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 85 жаста (1940)
5 – ғалым-зоолог, этнограф, географ, саяхатшы, лепидоптеролог, Қазақстан және Орта Азияны зерттеуші Григорий Ефимович Грум-Гржимайлоның туға-нына 165 жыл (1860-1936)
9 – актёр, ҚазКСР Халық әртісі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Василий Федорович Корниенконың туғанына 100 жыл (1925-1979)
12 – қазақ актёрі, ҚазКСР Халық әртісі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Нұритдин Мұхамбетқалиұлы Атахановтың туғанына 120 жыл (1905-1974)
16 – театр суретшісі, кинорежиссёр, Қазақстанның Халық суретшісі, ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Моисей 3еликович Левиннің туғанына 130 жыл (1895-1946)
НАУРЫЗ
1 – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғаны 30 жыл (1995)
3 – жазушы, аудармашы, драматург Жұмабай Тәшеновтің туғанына 100 жыл (1925-1994)
14 – жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қалихан Ысқақовтың туғанына 90 жыл (1935-2014)
15 – әнші, режиссер, актер, драматург, Қазақстанның Халық әртісі Қанабек Байсейітовтің туғанына 120 жыл (1905-1979)
20 – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 90 жыл (1935-2011)
21 – ақын, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Қуандық Төлегенұлы Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл (1925-2001)
23 – ғалым-металлург, техника ғылымының докторы, академик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Евней Арыстанұлы Букетовтің туғанына 100 жыл (1925-1983)
СӘУІР
3 – ақын, аудармашы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Абдолла Жұмағалиевтің туғанына 110 жыл (1915-1942)
9 – жазушы-сатирик, публицист, аудармашы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлы 90 жаста (1935)
15 – жазушы, публицист, аудармашы, Қазақстанның Халық жазушысы Сауырбек Бақбергеновтің туғанына 105 жыл (1920-1997)
22 – жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан ҒА академигі, 1936-1937 және 1943-1951 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның Халық жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл (1900-1973)
МАМЫР
9 – жазушы, драматург, тарих ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы, педагог Мұсатай Бекболатұлы Ақынжановтың туғанына 120 жыл (1905-1986)
11 – жазушы, публицист, қоғам қайраткері, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы (1963-1967), Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы (1970-1979), афро-азиялық жазушылар қауымдастығының және еуропалық мәдениет қауымдастығының мүшесі Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтың туғанына 95 жыл (1930-1993)
16 – ақын, фольклорист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Оразақын Асқаровтың туғанына 90 жыл (1935-2019)
23 – Халық ақыны, композитор Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 190 жыл (1835-1887)
МАУСЫМ
10 – жазушы, ақын, аудармашы, «Советский Казахстан» (қазіргі «Простор») журналының бас редакторы (1954-1959), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Федор Авксентьевич Моргунның туғанына 115 жыл (1910-1985)
16 – жазушы, ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, Абай ауданының Құрметті азаматы Кәмен Оразалиннің туғанына 105 жыл (1920-2008)
17 – жазушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы,Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Рымғали Нұрғалиевтың туғанына 85 жыл (1940-2010)
20 – Халық ақыны, жырау, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұр- пейіс Байғанинның туғанына 165 жыл (1860-1945)
27 – Қазақстан кітапхана қызметкерлерінің алғашқы съезінің ашылғаны- на 65 жыл (1960)
ШІЛДЕ
1 – жазушы, педагог, Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы Бедел Тұрсынбаев-тың туғанына 120 жыл (1905-1967) 14 – революционер, Азаматтық соғыс Батыры Мағазы Масанчидің туғанына140 жыл (1885-1938)
14 – революционер, Азаматтық соғыс Батыры Мағазы Масанчидің туғанына 140 жыл (1885-1938)
29 – ғалым-химик, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА ака- демигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы Қайыр Ахметұлы Жұбановтың туғанына 90 жыл (1935-2021)
ТАМЫЗ
10 – қазақ ақыны, ағартушы, ойшыл, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл (1845-1904)
13 – жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ара» журналының бас редакторы (1972-1974) Тельман Жанұзақовтың туғанына 90 жыл (1935-1978)
15 – композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл (1930-1992)
30 – жазушы, аудармашы Сайымжан Нұрсейітұлы Еркебаевтың туғанына 90 жыл (1935-1997)
30 – Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл (1995)
ҚЫРКҮЙЕК
10 – ғалым-түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор,ҚазКСР Халық ағарту ісінің үздігі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл (1905-1986)
19 – ақын, жазушы, драматург, Ұлы Отан соғысына қатысушы Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл (1905-1983)
ҚАЗАН
5 – ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл (1920-1988)
15 – ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл (1905-1995)
25 – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі ҚазКСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл (1990)
30 – жазушы, аудармашы Сайымжан Нұрсейітұлы Еркебаевтың туғанына 90 жыл (1935-1997)
ҚАРАША
3 – «Қазақстан» баспасының құрылғанына 105 жыл (1920)
19 – жазушы, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Сапар Байжановтың туғанына 95 жыл (1930-1998)
21 – ақын, жазушы, драматург, ағартушы-педагог, публицист, Алаш қозғалы- сының қайраткері Мыржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл (1885-1935)
24 – балалар жазушысы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл (1895-1983)
28 – ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы Жұмекен Сабырұлы Нәжімиденовтің туғанына 90 жыл (1935-1983)
Қараша – ғалым-ағартушы, шығыстанушы, этнограф, фольклорист, саяхатшы Шоқан (шын аты – Мұхаммедқанафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың туға-нына 190 жыл (1835-1865)
ЖЕЛТОҚСАН
15 – ақын, балалар жазушысы, әдебиеттанушы, фольклоршы, аудармашы Өте-бай Тұрманжановтың туғанына 120 жыл (1905-1978)
24 – жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (1910-1982)
24 – әдебиеттанушы, әдеби сыншы, аудармашы Павел Петрович Косенконың туғанына 95 жыл (1930-1993)
27 – жазушы, ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы,профессор, Қазақстан ҰҒА академигі, «Қазақ кеңес энциклопедиясының» бас редакторы, ҚазКСР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың туғанына 115 жыл (1910-1995)
КҮНІ МЕН АЙЫ БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТАУЛЫ, МЕРЕЙТОЙЛЫҚ
ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІ
Ойшыл, ғалым-философ әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл (870-950)
Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл (1465)
«Қыз Жібек» эпосына 520 жыл (1505)
Тәтіқара ақынның туғанына 320 жыл (1705-1780)
Айтыскер Сүйінбай Аронұлының туғанына 210 жыл (1815-1898)
Халық композиторы, күйші, домбырашы Тәттімбет Қазанғапұлының туға-нына 210 жыл (1815-1862)
Халык композиторы, суырып салма ақын Ыбырай Сандыбайұлы (Үкілі Ыбырай) туғанына 165 жыл (1860-1930)
Халык ақыны, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбаевтың туғанына 160 жыл (1865-1952)
Мемлекет қайраткері Тәшен Өтеповтің туғанына 155 жыл (1870-1925)
«Түркістан уалаяты» газетінің (1882 жылға дейін шағарылған) алғашқы са-нының жарыққа шыққанына 155 жыл (1870)
Ақын Бөлтірік Атығанұлының туғанына 155 жыл (1870-1928)
Әнші, сазгер, музыкант Қанапия Басығараұлының туғанына 155 жыл (1870-1917)
Халық композиторы Мәди Бәпиұлының туғанына 145 жыл (1880-1921)
Халық ақыны Нартай Бекежановтың туғанына 135 жыл (1890-1954)
Ақын, әнші Мыңбай Сұлтанбековтің туғанына 130 жыл (1895 – қ.к.б.)
Жазушы, драматург Жиенғали Тілепбергеновтің туғанына 130 жыл (1895-1933)
Ақын Саяділ Керімбековтің туғанына 130 жыл (1895-1954)
Ақын Қуаныш Баймағамбетовтің туғанына 130 жыл (1895-1973)
Репрессия құрбаны, жазушы Мәжит Боранбайұлы Дәулетбаевтың туғанына 125 жыл (1900-1938)
Ақын Кенжебай Жүсіповтің туғанына 120 жыл (1905-1987)
Ақын, әнші, композитор, күйші, фольклоршы Мұзарап Жүсіповтің туғанына 120 жыл (1905-1972)
Жазушы, драматург Сағыр Аймағамбетұлы Қамаловтың туғанына 120 жыл (1905-1938)
Қазақстандағы кәсіподақтар қозғалысының негізі қаланғанына 120 жыл (1905)